Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық Бакалавриаттың Негізгі мектебі бойынша авторизациясын алды. 2013 жылдың мамырында Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық Бакалавриат ұйымының Негізгі мектеп бағдарламасы бойынша кандидат мектебі мәртебесіне ие болып, авторизацияны алу үшін тынымсыз еңбек етті.
Мектеп ұжымы оқу бағдарламаларын жетілдіріп, Халықаралық Бакалавриаттың философиясы мен қағидаттарына сәйкес мектептің қалыптасуы мен дамуы үшін сүбелі үлес қосты. Бүгінде мектеп ұстаздарының бірлескен жұмысының арқасында діттеген мақсатқа қол жеткізілді.
Айта кетер болсақ, 2013 жылы Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі авторизациялаудан сәтті өтіп, Халықаралық Бакалавриаттың Бүкіләлемдік мектебі мәртебесін алды. Енді Негізгі мектеп бағдарламасы бойынша авторизациядан өтті.
Халықаралық бакалавриат ұйымы – әлемдегі беделді үкіметтік емес ұйымдардың бірі. Оны 1968 жылы Швейцарияда жетекші сарапшылар құрды. Оның басты мақсаты барлық мемлекеттерге ортақ унвиерситеталды білім берудің эталонын құру. Бүгінде аталмыш бағдарлама әлемнің 143 елінің 3,5 мың мектебін, 1,5 миллион оқушының басын біріктіріп отыр.
Негізгі мектеп ұстаздары Халықаралық Бакалавриаттың стандарттары мен талаптарына сәйкес оқу бағдарламаларын әзірлеп, апробациядан өткізді. Оның ішінде еліміздің басқа мектептерінде оқытылмайтын жаңа пәндер де бар.
Мектеп келесідей 8 пәндік топты дамыту бойынша жұмыс жүргізді: тіл мен әдебиет, тілді меңгерту, математика, гуманитарлық ғылымдар, нақты ғылымдар, дизайн, өнер, дене шынықтыру және денсаулық сақтау білімі. Бағдарлама мектепте ұсынылған Халықаралық Бакалавриаттың Дипломдық бағдарламасына өзіндік дайындықты қамтамасыз етеді.
Kaznews.kazturk.kz