Бірақ өзге әлем Әзірбайжанның ақшасымен саудаласпайды. Сол себепті доллар болмаса еуроға шаққанда манат әлдеқайда әлсіз болып қалды. Тиісінше, импортқа жұмсалатын шығын еселеп өсіп отыр.
Қазір ұлттық ақшалары құнсызданған Әзірбайжан билігі шығынды дереу азайтуға көшті. Бірінші кезекте құрылыс саласына салынатын қаражат 7 миллиард манаттан 5 миллиардқа қырқылды.
Келесі қадам ретінде өзге елдерден импортталатын күнделікті тұрмысқа қажет тауарларға бөлінген 2 миллиард манат 400 миллионға азайтылды. Осылайша, елдегі қаржылық қор кеміп, инфляция еселеп өсе түсті.
Нартай АРАЛБАЙҰЛЫ