Көктемгі егіс жұмыстарына қажетті жанар-жағармай бағасы литріне 81 теңгеге дейін төмендетіледі. Министрдің сөзінше бұл нарықтағы бағадан 18 пайызға төмен. Ал, былтырғы көктемгі бағамен салыстырғанда 30 пайызға төмен.
Саладағы басым бағыттарды атаған министр биыл мал шаруашылығына 13 миллиард теңге бөлінетінін айтты. Қаржылық қиындықтарға қарамастан биыл ауыл шаруашылығына қосымша 20 миллард теңге бөлініп отыр. Оның 7 миллард теңгесі субсидияларға берілсе, қалғаны малшаруашылығын қолдауға жұмсалмақ.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ