Мемлекет қолдауының арқасында өндіріс бір сәт те жұмысын тоқтатқан емес. Астанадағы «Бәйтерек», Алматыдағы «Көктөбе» мұнарасы секілді бірнеше айшықты нысанның материалы осы зауыттан шығарылған. 1000-нан астам қызметкері бар ұжым сайлаудың өтуін бірауыздан қолдап отыр.
«Халық елдегі саяси-экономикалық тұрақтылықтың сақталуын қалайды. Бүгінгі күнгі жеткен жетістігіміз сол тұрақтылықтың арқасы. Қазір Қазақстанды бүкіл әлем біледі. Сондықтан ел басқарудағы тәжірибесі мол Елбасы президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынса екен деп тілейміз», дейді Қарағанды металл құрылымдарын құрастыру зауыты директорының орынбасары Юрий Бадей.
Шынар АСАНҚЫЗЫ