Өскемен қаласының мектептерінде ағылшын тілін білмейтін ата-аналарға тіл үйрету курсы ашылды. Алғаш рет қолға алынған шара арнайы жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде жүзеге асып отыр. Мәселен, үй жұмысын орындау кезінде өз баласына ата-ананың 56 пайызы көмек көрсете алмайды. Осыдан кейін ұстаздар тарапынан түскен ұсынысты көбі қолдаған. Курс тегін ұйымдастырылады.
Жанболат САНИЯЗ
Жанболат САНИЯЗ