Жыл сайын жоғарғы оқу орнын ақылы негізде бітіретін 100 мыңнан астам түлектің тағдырын мемлекет өз мойнына алуы тиіс. Себебі, бюджет есебінен білім алатындардың қызметке тұруы оңай. Ал, 4-5 жыл өз қаражатына оқып, кейін жұмыс таба алмаған жастар сенделіп қалады.
«Әрі олар жекеменшік оқу орындарында қандай білім алып жатыр? Сұранысқа сай мамандықты меңгерген бе?» деген сауал ешкімді мазаламайды.
Бұл Үкіметтің басты міндетінің біріне айналауы тиіс,- дейді сенатор Әли Бектаев. Депутат осы ретте Білім және ғылым министрлігінің деректеріне күмән келтірді.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ