Елімізде жыл сайын дүниежүзінің жетекші оқу орындарынан академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 80 студент білім алады.
Бұл туралы Алматыда өткен «Эразмус Мундус» әріптестігінің Орталық Азияға әсері» атты халықаралық конференцияда айтылды. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполовтың сөзінше, аталған бағдарлама бойынша осыған дейін 300-ден аса қазақ студенті білім алып келген. Бүгінде олар елдің ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосып жатыр.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ