Алматыда колледж басшылары коррупцияға қарсы хартияға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда колледж басшылары коррупцияға қарсы хартияға қол қойды

13.06.2017

Ашық қоғам құрып, дамыған елдердің қатарына қосылу үшін жемқорлықты жою керек. Бұл еліміздің білім-ғылымының дамуына ықпал етеді.

Осы бағытта Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті мен қаладағы колледж басшылары коррупцияға қарсы хартияға қол қойды. Маңызды құжат арқылы шаһардағы 20 мемлекеттік, 62 жеке меншік колледжде емтихан қабылдау және оқуға тапсыру кезіндегі сыбайлас жемқорлықты болдырмау көзделген. «Жалпы, мұндай қадам жастарды тек еңбекпен жетістікке жетуге үйретеді. Сондай-ақ, олардың болашақта сапалы білім алып, білікті кадр болуға септігін тигізеді», дейді мамандар.  

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу