Елімізде «Кітапхана ісін» дамыту, қайта түлету, сақтау, пайдалану бойынша жеке заң керек. Яғни, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастыру негіздерін нақты айқындап алмайынша, саланы жандандыру қиындай бермек. Себебі, кез келген адам қажетті ақпаратты кітаптан емес, ғаламтор желісі арқылы алады. Оқырманы жоқ кітапханаларды қаржыландыру, әрине, мемлекет үшін тиімсіз. Павлодардағы зағиптарға арналған арнайы кітапхана қызметкерлері Мәжіліс депутаты Айқын Қоныровпен кездесуде осы мәселелерді көтерді. Арнайы кітапханадағы 70 мыңға жуық кітап қорының тең жартысы тифлопедагогтардың зағиптарға арнап жасаған, нүктемен пайдаланатын еңбектері. Облыста 1,5 мыңға жуық нашар көретін жандар болса, солардың 600-ден астамы тұрақты оқырман ретінде тіркелген.
Болат АМАНБАЕВ