«Сананы жаңғыртуды әр адам өзінен бастауы тиіс». Бүгін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өткен семинарда Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай осылай деді. Оның ойынша, кез келген жаста білім алуға болады. Сол себепті, академияға еліміздің барлық өңірінен 60-тан астам мемлекеттік қызметші келген. Олар 3 күн бойы білімін шыңдап, Елбасы мақаласын жүзеге асыру жолдарын талқылайды. Жиында ұлттық кодты сақтау және оның маңызы, латын қарпіне көшудің негізгі жолдары да сөз болды.
Ғабит БӨКЕНБАЙ