Оқу орнына өзге де ұлттар мен көрші ел азаматтарын көптеп тарту керек. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Университет бірігіп өткізген Орта Азия ғылыми-сарапшылық кеңесінің жиынында айтылды. Ол үшін оқу орны туралы ақпараттандыру мен үгіт-насихат жұмыстарына Ассамблея мен оның құрылымдық бөлімдерін жұмылдыру жайы сөз болды.
Айта кетейік, Назарбаев Университеті 8 жыл бұрын ашылды. Қазір онда 450-ге жуық оқытушы қызмет етеді. Оның 80 пайызға жуығы 55 елден келген оқытушылар. Жиында Орта Азия сарапшылары мәдени мұраны пайдаланудың халықаралық тәжірибесін талқылап, университеттің тыныс-тіршілігімен танысты. Олардың ішінде көрші елдердің беделді оқу орындарының ғалымдары да бар.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ