Бұл шараның басты мақсаты - орта мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына университет жұмысын таныстыру. «Халықаралық деңгейдегі білім ордасына түсу үшін алдын ала дайындық қажет. Сол үшін оқу бағдарламасы мен ереже тәртіптерін көзбен көру артықтық етпейді», - дейді, ұйымдастырушылар.
Қазір университетте 8 факультет бойынша сабақ беріледі. Алдағы уақытта тағы жаңа факультеттер ашу жоспарда бар. Олар: тау-кен ісі, мемлекеттік саясат бойынша Phd докторантура, мұнай-газ инженериясы және геология инженериясы. Оқуға түсудің ең басты талабы - ағылшын тілін еркін меңгеру. Бірақ, осы қиындықты еңсеру үшін алдағы уақытта магистратура жанынан бір жылдық арнайы оқу курсы ашылады.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ