Білім және ғылым министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетов осындай жоспарды жеткізді. «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасының іске асырылуы жөнінде есеп берген шенеуніктер бағдарламаның тиімді тұстарын тізіп шықты. Мәселен, білім алушыларға мемлекеттен шәкіртақы, тегін тамақ пен қоғамдық көлікте ақысыз жүру мүмкіндігі беріледі. Сондай-ақ, бұл жобада оқуын аяқтаған азаматтарды жұмысқа орналастыру не кәсібін ашуға көмектесу де қарастырылған.
Альбина ӘШІМ