Оның ерекшелігі сол, Алматының ажарына айналған «Көктөбе» демалыс кешенінде ұйымдастырылды. Оқу орнының басшысы биыл университетке 2500 студент қабылданғанын атап өтті. Олардың 1200-ден астамы мемлекеттік грант иегері.
Ал, студенттердің 95 пайызы ауылдық мектептерден келген. Сондықтан, еліміздің әр қиырынан жиналған жастарға «Көктөбені» көрсетуді мақсат еткен. Осы күні тауға көтерілетін аспалы жолдар мен ондағы ойын аттракциондары студенттерге тегін қызмет көрсетті.
Тілектес Есполов, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры:
- Ең бірінші қызметті біз студентке жасауымыз керек. Студенттерімізге осы өркениетке тәрбиелеуіміз керек. Біз мына рухани жаңғыру жолындағы негізгі бағдарламамыздың бірі - осы жастарымызға еліміздегі ең жақсы өркениетті жетістіктерімізді көрсетуіміз керек.
Амангелді СЕЙІТХАН