2019 жылға дейін еліміздегі мектептердің 70 пайызы инклюзивті білім беру жүйесіне көшуі тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2019 жылға дейін еліміздегі мектептердің 70 пайызы инклюзивті білім беру жүйесіне көшуі тиіс

26.10.2017

Қазір республика көлемінде 7100 жалпы білім беретін оқу ордасының 44 пайызы ерекше қажеттілігі бар балаларды қамтып отыр. Дегенмен, ол жеткіліксіз, - дейді мамандар. Осы күнге дейін инклюзивті оқу жүйесімен білім алып жатқан 144 мың оқушы бар. Алайда, олардың саны жыл сайын өсіп отыр.

Бірінші кезекте ол балада ауытқушылық барын анықтау орталықтарының жұмысымен тікелей байланысты болып отыр. Еліміз бойынша бүлдіршіндердің психологиялық және физикалық кемшілігін анықтайтын 58 орталық бар.

Осы ретте жұмыс сапасын арттыру үшін отандық мамандар шетелдік педагогтармен өзара тәжірибе алмасу жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. 

Гүлнара Камашева, Қалалық білім басқармасының әдістемелік кабинетінің әдіскері:

 - Шетелдік мамандардың іс-тәжірибесін алу және іске қосу. Өзіміздегі бар бағдарламаға сәйкестендіріп, оны біздің бағдарламаға сәйкестендіріп қолдану тәжірибемізде бар. Сондықтанда бұл бізге артық болмайды.

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу