Мәскеу мемлекеттік университеті қызылордалық жастарға жыл сайын 20 грант бөлетін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеу мемлекеттік университеті қызылордалық жастарға жыл сайын 20 грант бөлетін болды

13.11.2017

Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті қызылордалық жастарға физика-математика және механика-математикалық мамандықтар бойынша білім алуға жыл сайын 20 грант бөлетін болды. Ресей астанасында осы оқу орнының ректоры Виктор Садовничий мен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Кездесуде сонымен қатар, Мәскеу ұлттық технологиялық зерттеу университеті, Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті сынды көрші елдің ең үздік оқу орындарымен де әріптестікті арттыруға бағытталған келісімдер бекіді. Осылайша, Қызылорда облысының экономикасына жұмыс істейтін жастарды техникалық мамандықтар бойынша оқыту ісі жеңілдейтін болды.

Виктор Садовничий, М.В. Ломоносов атындағы ММ ректоры:

- Бүгінгі келісімді ондаған жылдарға созылып келе жатқан әріптестіктің нәтижесі деп қарау қажет. Мәселен, осыдан 17 жыл бұрын біз Қырымбек Көшербаевпен бірге Мәскеу мемлекеттік университетінің Астанадағы бөлімшесін ашу туралы құжатқа қол қойғанбыз. Бүгінгі келісімнің де студенттер, оқушылар дайындау үшін маңызы зор. Келешекте ынтымақтастығымыз арта береді деп ойлаймын.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу