Ұлыбританияда 500 мың жұмыс орны жоғалуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда 500 мың жұмыс орны жоғалуы мүмкін

11.01.2018

Ұлыбритания Еуропа одағымен сауда келісімін жасай алмаса, алдағы 12 жылда 500 мыңдай жұмыс орнын жоғалтуы мүмкін. Бұл аздай, корольдік 50 миллиард фунт стерлинг инвестициядан да айырылмақ. Мұны Лондон мэрі Садық Хан төрағалық еткен комиссия анықтады.

Ұлыбритания мен Еуропа одағы өздерінің болашақ сауда қатынастарын анықтау жөніндегі күрделі келіссөздерді таяуда бастайды. Онда Лондонның қаржы секторын Еуропаның ортақ нарығына кіргізу мәселесі негізгі тақырыпқа айналмақ. Айта кету керек, Ұлыбритания одақтан 2019 жылы наурыз айында кетейін деп отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу