ШҚО колледждерінде диплом көшірмесі заңсыз саудаланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО колледждерінде диплом көшірмесі заңсыз саудаланған

05.03.2018

Шығыс Қазақстанның бірқатар колледждерінде диплом көшірмесі заңсыз саудаланған. Аталған құжат тәртіпке сай жеке куәлігі мен өтініші бойынша тегін беріледі. Алайда, өңірдегі кей оқу орындары дипломын жоғалтып алған азаматтардан заңда көрсетілмеген құжаттарды талап еткен.  Мәселен, газетке жарнама беру, Ішкі істер органдарынан дипломның ұрланғандығы туралы анықтама әкелу және құнын төлеу міндеттелген. Сондай-ақ, колледждерде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі де өрескел бұзылған. Диплом көшірмесін саудаға салған білім беру мекемелерінің ішінде Шығыс Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі, аймақтағы екі бірдей медицина колледжі, аймақтық спорт колледжі мен Тарбағатай колледжі бар.  

Ерхат Жалелов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басқарма басшысы:

- Заңсыз ақша алу облыстың 83 колледждің 12-де анықталып отыр. Соның ішінде жасырын сатып алушы әдісімен видео түсірдік. Сомасы 1000 теңге мен 5000 теңге аралығында ақша сұратылған.

 

Айдана ДАЙЫРОВА

Хабарламаларға жазылу