Жаратылыстану пәнін ағылшын тілінде оқытуда нәтиже бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаратылыстану пәнін ағылшын тілінде оқытуда нәтиже бар

28.03.2018

Алматыда жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту пилоттық жобасы 27 мектепте сәтті, әрі нәтижелі жүзеге асып жатыр. Бұл туарлы бүгін мегаполистегі халықаралық ғылыми-тәжірибелік жиынға қатысқан ұстаздар қауымы айтты. Олардың сөзінше, әсіресе, ақпараттық технология пәнін ағылшын тілінде өткен оқушылардың сабаққа қызығушылығы артып, ойлау жүйесі кеңейе түскен. Демек, мектеп оқушылары іргелі ғылымға білім ошағының қабырғасынан-ақ бет бұра бастағанын аңғаруға болады. Алайда, пилоттық жобаның кемшіліктері де бар. Мәселен, ағылшын тілін баяу үйренген балалар физика, химия, биология сияқты пәндердің кіріспесін жетік түсінбей қалады. «Сондықтан, мазмұны жаңартылған білім беру бағдарламасының толық жүзеге асуы үшін әлі талай тер төгу керек», - дейді мұғалімдер. 

Жұлдыз Күнболатқызы, Жамбыл Жабаев атындағы №161 лицейдің мұғалімі:

- Информатика болғандықтан, қазір бағдарламаның барлығы ағылшын тілінде жазылады. Басында мұғалімдерге сәл қиындау болды. Бірақ, оқушыларға шет тілінде білім алған қызықтырақ.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу