Қазақстандағы шағын бизнес субъектілерінің саны жылдың басында шамамен 900 мыңға жеткен. Жыл сайын бұл көрсеткіш 30 мыңға артып келеді.
Бұл туралы бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің хатшысы Юрий Тілеумұратов мәлімдеді.
Соңғы жылдары белсенді субъектілер 7 пайызға, жұмыспен қамтылған кәсіпкерлер 10 пайызға, азық-түлік өндіру көрсеткіші 30 пайызға өскен.
Комитет хатшысының айтуынша, түрлі сала кәсіпкерлеріне көрсетілетін қолдау алдағы уақытта да тоқтамайды.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ