Нобель сыйлығының иегері елорда студенттеріне дәріс оқыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нобель сыйлығының иегері елорда студенттеріне дәріс оқыды

16.05.2018

«Жасыл» экономика – ауқатты болашаққа апарар жол. Сондықтан, әлемнің жетекші елдері осы бағытты таңдайды. Қазақстан да бұл жаһандық қозғалыстан қалыс қалмай келеді. Еліміздің баламалы энергия көздеріне үлкен назар аударып, түрлі бастамаларды қолға алуын шетелдік белді саясаткерлер мен мамандар құптап отыр. Сондай сақа сарапшылардың бірі Нобель сыйлығының иегері, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Су және апаттар жөніндегі кеңесшісі Рае Квон Чунг елорда студенттеріне дәріс оқыды. Чунг мырза ондаған жылдар бойы климаттың өзгеруін зерттеп, «жасыл» экономика арқылы тұрақты дамудың тәсілдерін қолданудың тиімділігін айтып келеді. Бүгінгі дәріс кезінде де өзі әзірлеген тұжырымдамасымен болашақ мамандарды таныстырды.

Рае Квон Чунг, Нобель сыйлығының иегері:

- Пайдалы қазбалар, оның ішінде көмір, мұнайдан толығымен бас тартып, баламалы энергия көздеріне көшу – үлкен проблема. Қазір күллі әлем осының тиімді жолдарын іздестіріп жатыр. Сіздердің мемлекеттеріңіз «жасыл» экономиканы қолдайтын бірден-бір ел. Былтырғы «ЭКСПО» да, биыл болатын Астана экономикалық форумы да осы бағыттағы жұмыстарға үлкен септігін тигізетініне сенімдімін.

Альбина ӘШІМ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу