Ақтау қаласында тұңғыш рет IT сыныптар ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтау қаласында тұңғыш рет IT сыныптар ашылды

28.05.2018

Мұнда 8-16 жас аралығындағы алғыр балалар білім алады. Олар бағдарламалау негіздерін үйреніп, алгоритмдер жасайды. Жоба - «Нұр Отан» партиясының 10 бастамасының бірі.  «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында жүзеге асқан бастама әлі жалғасын табады. Жыл соңына дейін 33 мектепте ашылады. Жалпы, Қазақстанның 1000 мектебінде пайдалануға беріліп,  450 000 оқушы қамтылады. «Бастама жұмыс нарығындағы тапшылықты жояды»,-дейді мамандар. 

Айсара АЙТМАН

Хабарламаларға жазылу