«Ағылшыннан гөрі, әуелі қазақ және орыс тілдеріне ден қою керек». ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін өзінің «Твиттер» парақшасында осындай ойымен бөлісті. Сенат төрағасының айтуынша, алдағы жаңа оқу жылында мектеп бағдарламаларын жүйелі түрде қарастыру қажет. Әсіресе, ағылшын тілін 1-сыныптан үйретудің қажеттілігін ескеру шарт. Әрі ол осы саладағы мамандардың жеткілікті екеніне күмәнмен қарайтынын жасырмады. Айта кетейік, елімізде 2013 жылдан бері кезең-кезеңімен ағылшын тілдерін 1-сыныптан оқыту бастамасы жүзеге асырылып келеді.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.