Алматыда Ұлттық ғылым академиясының жалпы жиналысы өтті. Оған ел ғылымына үлес қосып жүрген белгілі ғалымдар қатысты. Олар алдағы бес жылда атқарылатын жұмыстардың бағытын айқындап, жоспарын түзді. Себебі, қазір кез келген мемлекеттің дамуы тікелей ғылыммен байланысты. Ал, өндірісті ғылымға негіздеу елдің экономикасының дамуына әсер етеді. Сондықтан, ғалымдар болашақта барлық ізденісті ел экономикасын көтеруге негіз демекші. Ал, сессия соңында Ұлттық ғылым академиясының Президенті болып академик Мұрат Жұрынов қайта сайланды.
Зайрулла Дүйсенбеков, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі:
- Мұрат Жұрынұлының еңбегі зор. Ол кісінің ұйымдастырушылық талабы үлкен. Өзі фундаменталды ғылыммен айналысқан адам. Соның барлығын біледі.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.