Түлектер маман болуға қаншалықты дайын? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түлектер маман болуға қаншалықты дайын?

03.10.2018

Жоғары оқу орындарындағы студенттердің тәжірибе жүзіндегі білім-білігі көңіл көншітпейді. Себебі, бізде практикадан гөрі теорияға басымдық беріледі. Бұл тиісінше университеттен түлеген түлектердің жұмысқа орналасуына кері әсерін тигізеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында осындай ақпар айтылды.

Сондай-ақ, Білім және ғылым министрлігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері бакалавриат деңгейіндегі білім беру бағдарламаларына бағалау жүргізген. 64 мамандық бойынша рейтинг те жасалыпты. Нәтижесінде «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығы ең төменгі бағаға ие болған. Ал көш басында 80 процент ұпаймен «Металлургия» мамандығы тұр.

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу