Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының табыстылығын бағалаудың жаңа тәсіліне көшпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының табыстылығын бағалаудың жаңа тәсіліне көшпек

16.10.2018

Енді рейтинг түзу кезінде зейнетақы қорының мәліметтері негізге алынады. Бұл туралы вице-министр Астанада өткен халықаралық форум кезінде айтты. Жұмысқа орналасқан  түлектердің саны соған қарап анықталады. Бұрын университеттер өз түлектерінің жұмыспен қамтылғаны жайлы мәлімет беретін. Кей жағдайда, білім ордалары студенттерге қысым көрсетіп, жұмысқа қабылдау туралы анықтама талап еткен оқиғалар тіркелген. Сол себепті, министрлік бұл шынайы әрі нақты жағдайды көрсетпейді деп есептейді.    

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

- Біз ЖОО-нан мәлімет сұрайтын болсақ, әртүрлі анықтамаларды жинап алып, бізге бір мәлімет беруі мүмкін. Сондықтан, біз үшін ең бастысы, ЖОО-ның өз мәліметтері емес, ресми мәлімет.  Мынау зейнетақы қорына төлеп отырған көрсеткіштер. Егер түлегіміз жұмысқа орналасса, онда зейнетақы қорына 10 пайызы төленеді ғой.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу