Алматыда Ұлттық қордан бөлінген 50 миллиард теңгені қаржы ұйымдарына орналастыру рәсімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Ұлттық қордан бөлінген 50 миллиард теңгені қаржы ұйымдарына орналастыру рәсімі өтті

13.03.2015
Алматыда Ұлттық қордан бөлінген 50 миллиард теңгені қаржы ұйымдарына орналастыру рәсімі өтті

Аталған қаражат Ұлттық қордан «Бәйтерек» холдингінің еншілес кәсіпорны «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына несиеге берілді.

Қор өз кезегінде бұл қаржыны өзінің серіктестері болып табылатын екінші деңгейлі банктерге 20 жылға толықтай бір мезетте қайтару шартымен таратты.

Несие кәсіпкерлерге жылдық 6 пайызбен 10 жылға беріледі. Айта кетсек, бұл еліміздегі өнім өндірушілерді қолдау мақсатында Ұлттық қордан бөлініп отырған үшінші транш. 

 

Құлмахан САЛЫБЕКОВ

Хабарламаларға жазылу