ШҚО-дағы Бестерек ауылының мектебі 100 жылдығын атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-дағы Бестерек ауылының мектебі 100 жылдығын атап өтті

19.11.2018

Ұлан ауданында орналасқан білім ұясы кезінде Шөже мектебі деп аталған. Кейін жаңа ғимаратқа көшіріліп, Ғадас Салықов есімі берілген мектептен есімі елге танымал талай азаматтар түлеп ұшты. Кеңес Одағының батыры Ізғұтты Айтықов, Қазақстанның Халық қаһарманы Қасым Қайсенов, белгілі археолог Зейнолла Самашев және ұшқыш Тоты Әмірова осы білім шаңырағында оқыған. Бір ғасырлық мерейтойға орай ауылда спорттық және мәдени шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жерлестер ғылыми конференцияда бас қосып, білім саласына қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Мектеп оқушылары жиналған қонақтарға өз өнерлерін паш етіп, концертті бағдарлама ұсынды.

Шолпан Рамазанова, ардагер ұстаз:

-Самашев Зейнолламен менің тұңғыш ұлым бірге оқыды. Үйге келгеннен кейін атасына жылапты, Зейноллаға, Люсяға бес қояды, маған үш қояды деп. Содан атам: «Қарағым, ол бесте тұрған не бар. Жылатпай Әнуарбекке де бес қойсаңшы»,- деді. «Жоқ, ата. Еңбегімен алсын»,-дедім. Мұны естіп атам күлді.

 

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу