Жыл сайын өткізілетін конкурсқа еліміздің 80 жоғары оқу орнынан 481 үміткер қатысты. Қатысушылар дәрежесі әртүрлі: ғылым магистрінен бастап, PhD докторлар, ғылым кандидаттарына дейін бақ сынасты.
Бәйге жүлдесі тек 43 университеттің 200 оқытушысына бұйырды. Жеңімпаздар әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өтiп, біліктіліктерін арттыруға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алды.
Әділет Тойбаев ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры:
- Басылымдарда жарық көрген мақалалар, монографиялар, әдістемеліктер назарға алынды.
Меңдігүл Ноғайбаева, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Тарих факультетінің деканы, жеңімпаз:
- Осы байқаудың талаптарына сәйкес келетін еліміздің үздік ғалымдары мен ұстаздары осы байқаудың жеңімпаздары атанып жатқанына біз өте қуаныштымыз.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=2018 жылғы Жоғары оқу орындарының үздік оқытушылары анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/81702/)