Қыздардың үстіндегі бүрмелі көйлек, оюлы қамзол, сырға мен алқа, сыңғырлаған шашбау, керемет жарасымды. Ұлдар да кестелі тақия киіп, шапан жамылып, Наурыз нақышын арттыра түскен. Ұлттық киімді 22 наурыз күні ғана емес, көктем шыққаннан бастап дәріптеуді қолға алған - Қазалы ауданындағы №266 мектеп-лицей ұжымы. Білім ошағындағы 73 сынып, барлығы 2 мыңға жуық оқушы осылайша қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өңірдің ерекшелігін паш етуде.
Гүлсайрам Баймаханова, мектеп мұғалімі:
- Бірінші мұғалімдер киді. Одан кейін оқушыларға айттық.
Ақерке Берікбекқызы