Елордалық оқушыларға ерекше виртуалды сабақ ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық оқушыларға ерекше виртуалды сабақ ұйымдастырылды

29.03.2019

Көзбен көріп қана қоймай, қолмен ұстауға болатын виртуалды сабақ. Бүгін елорданың №73 мектебінде осындай таңғажайып бағдарлама қолданысқа енді. «СТЭМ» академиясы жұртқа таныстырған жоба қазіргі күнге дейін АҚШ пен Қытай елінде ғана қолданысқа енген. AR/VR технологиясы білім беру үрдісінің көкжиегін кеңіте түспек.

Аталған бағдарламаның ерекшелігі - шәкірттер кез келген дүниенің 3D макетін көріп қана қоймай, оның ішкі құрылымына дейін зерттей алады. Мұндай бағдарламамен білім алған оқушылардың инженерлік қабілеті ерте дамитынын жоғарыда айтқан АҚШ пен Қытай тәжірибесі делелдеп берген.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу