Коммуникативтік дағдыларды дамыту – көшбасшылық білім берудің негізі. Бұл әдісті елордалық серіктес мектептер қазақ тілі мен әдебиет пәніне қолданып отыр. Яғни, ұстаздар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша онлайн сабақтар өткізіп, идеяларымен бөлісті. Қалалық семинар аясында көрме ұйымдастырылды. Онда оқушылардың қолынан шыққан әртүрлі тақырыптағы туындылар қойылды.
Жангелді Базыл, Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің директоры:
- Коммуникативті дағдылар – оның ішінде тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым деген сияқты осы 4 дағдыны мектебімізде қалай дамытамыз? Мектебіміздің және серіктес мектептердің ұстаздары сабақтарын көрсетіп, тәжірибесімен бөліседі.
Нысаналы ЫҒЫЛ