Алматыдағы Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде республикалық «Зерде» олимпиадасы өтті. Мектеп бітіруші түлектерге арналған дәстүрлі білім сайысы биыл екінші рет ұйымдастырылды. Жарыс математика, физика, химия, ағылшын тілі, биология сияқты 6 пән бойынша өрбіді.
Үміткерлер алдымен тест тапсырса, екінші бөлімде бақылау жұмыстарын орындады. Байқау соңында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етіліп, аталған университеттің гранттарымен марапатталды. Жан-жақтан келген оқушылар үшін Наурыз мейрамы ұйымдастырылып, ұлттық дәстүріміз дәріптелді.
Гүлнар Сәрсенбекова, Қазақстан инженерлік технологиялық университеті ректорының міндетін атқарушы:
Биылғы Наурыздың ерекшелігі де бұл жастар жылы және сонымен қатар, университетімізде оқушылар арасында өткен республикалық олимпиаданың бүгін қорытындысы өткізіліп отыр. бізге жер жерден 3 мыңға жуық оқушылар қатысты. Әрине, әлемдік білім берудің стандартына бүгінгі таңда біз талпынып жатқан кезде оқыту үдерісінің жағдайын күшейтуде университеміз үлкен жұмыс жасап жатыр.
Аманкелді СЕЙТХАН