Педагогтардың рөлін арттырып, кәсіби қабілеттері әркез жетілдіру қажет. Себебі, білім беру жүйесі үздіксіз дамып келеді. Алматыда Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұжымымен кездескен қоғам қайраткері, ұлағатты ұстаз Майрат Амантаева осыны айтты.
Оның сөзінше, мұғалімдердің алдында жаңа міндеттер тұр. Еліміз осы заманға сай үлгідегі педагогтарды даярлауға бет бұрды. Сондықтан, «Мұғалім мәртебесі» туралы заң әзірленді. Бұл жоба қазір Үкіметте қаралып жатыр. Заң күшіне енгенде, қоғамдағы педагогтардың рөлі күшейеді.
Жалпы, Майра Тұрғанқызы салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағын басқарып, педагогтардың құқығын қорғаумен айналысып келеді. Сондықтан, белгілі ұстазға аталған университеттің үздік түлегі ретінде «Құрметті профессоры» атағы берілді.
Майра Амантаева, БҰҰ Бас кеңесі халықаралық ақпараттық академиясының академигі:
Қазір елімізде білім саласына көңіл бөлініп жатыр. Мемлекеттің қуаттылығы сондағы тұратын халықтың білім мөлшерімен, оның денсаулығымен өлшенеді деп ойлаймын. Сондықтан, біздің елімізге дені сау, білімді адамдар болса, біздің еліміз қуатты мемлекет болады.
Аманкелді СЕЙТХАН