Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бес әлеуметтік бастамасы» бағдарламасында бұл мәселені жедел қолға алуды тапсырған болатын. Ал, қазір аймақта 1,5 мың студент жатақханаға зәру. Мәселен, Бейсен Ахметов атындағы педагогикалық колледжде 200 орындық жатақхана салуға қажетті жобалық-сметалық құжаттарға бөлінген ақша әзірге игерілген жоқ. Себебі құрылысқа қажетті жер табылмай отыр. Ал, облыс орталығының іргесіндегі шағын қалаларда құрылыс қарқынды жүріп жатыр.
Сәуле Алекпарова, облыстық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары:
- Ақсу қаласындағы қара металлургия колледжіне 200 орындық және Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі бойынша 200 орындық жатақхана салынып жатыр.
Болат АМАНБАЕВ