Нұр-Сұлтанда ТМД елдері әскери оқу орындары бірлестігінің отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда ТМД елдері әскери оқу орындары бірлестігінің отырысы өтті

29.04.2019

Аталмыш ұйым Қазақстанның бастамасымен құрылған еді. Оның арқасында жас мамандарға әскери білім берудің қыр-сыры үйретіліп, біліктілікті жетілдіру жұмыстары жүргізілді.

Нұр-Сұлтанда өткен отырысқа Арменя, Тәжікстан, Беларусь сынды 7 елдің 16 жоғары оқу орнының басшылары қатысты. Шараның басты мақсаты - әскери кадрларды даярлауда ынтымақтастықты нығайту. Оның нәтижесі бойынша бірлестіктің төрағасы мен хатшысы сайланды. Сондай-ақ, 2023 жылға дейін атқарылатын жұмыстардың алғышарты таныстырылды.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу