Қарағандыдағы Достық үйінде «Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» атты облыстық тіл байқауы өтті. Сайыс ақын, жазушы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллинннің 125 жылдығына арналды. Шараға мемлекеттік мекемелерден 14 команда қатысты. Олар 4 кезеңнен тұратын байқау шарты бойынша бақтарын сынады.
Командалар «Сәлемдесу», Сәкен Сейфуллин шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беру, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиінде жазу және іс-қағаздар рәсімдеу сынды сындардан сүрінбей өтті. Осылайша 4 сағатқа созылған тіл сайысы соңына дейін тартысты өтіп, облыстық Білім басқармасының «Ұлағат» командасы бас жүлдеге ие болды.
Гүлнарайым Қаңтарбекова, облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы:
- Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай облыста үлкен шаралар ұйымдастырылып өтпек. Соның басына біз осы ақын, жазушы ағамыздың бір қыры - мемлекеттік органдардың іс-қазғаздарына қазақ тілін ең бірінші еңгізуші екенін білсін дейміз.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ