Түркістанда қыз тәрбиесі туралы семинар-тренинг өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда қыз тәрбиесі туралы семинар-тренинг өтті

22.05.2019

Қыз бала тәрбиесі - ұлттық педагогиканың өзегі. Түркістанда ата-аналар мен тәлімгерлерге арналған семинар-тренинг өтті. Бүгінгі әлеуметтік орта, ақпараттық қоғамның кері әсерінен жас ұрпақты қалай қорғауға болады? Ұлт болашағы - қыз балалардың теріс жолға түсіп кетпеуі үшін не істеу керек? Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, түркі жұртының отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктерін зерттеп, 3 оқулық, 6 монография, көптеген оқу әдістемелік еңбек жазған ғалым Қалипа Тұрсынқызы ата-аналар мен ұстаздарға ақыл-кеңес берді.

Қыз балаларға көркем есім қою, киім кию әдебін қадағалау, тазалыққа үйрету, қонақ күту мәдениетін, жағымды мінез-құлқын қалыптастырудың басты тетіктері мен керекті кітаптарды ұсынды. ​

Қалипа Әтемова, педагогика ғылымдарының докторы, профессор:

- «Қыз тәрбиесіндегі он кеңес» деген кітап жарық көреді. Қыз балаға пайдалы кеңестер бар. Әр бағыт қамтылған. Соны тәрбие сағаттарында пайдалануды ұсынамыз.

Хабарламаларға жазылу