ҰБТ басталғалы бері түлектерден республикалық апелляциялық комиссияға 111 өтініш түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ басталғалы бері түлектерден республикалық апелляциялық комиссияға 111 өтініш түсті

25.06.2019

ҰБТ басталғалы бері түлектерден республикалық апелляциялық комиссияға 111 өтініш түсті. Бүгінде тестке қатысуға өтініш берген талапкерлердің  96 пайызы тестілеуден өтті. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің  департамент директоры Әділет Тойбаев айтты. Ең көп таңдалып отырған пәндер арасында физика, математика, биология жән химия бар. ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар 21 бала қатысты. Оларға арнайы жеке аудитория беріліп,  арнайы мамандар жұмыс істейді. Сондай-ақ, кеше ең жоғары нәтиже 140 балл тіркелген. Ол Түркістан облысы Сарыағаш ауданының түлегі – «Алтын белгі» иегері Жұбай Қасымжан.

 

Әділет Тойлыбаев, ҚР Білім және ғылым министрлігі департамент директоры:

 

20 -маусымнан бастап елімізде ҰБТ басталды. Бүгінгі күнге дейін бес лек өтті. Бүгін тестілеудің алтыншы күні өтіп жатыр.  Тестілеуге өтініш берген 74 365 түлектің 71 227-сі қатысты. Бұл өтініш бергендердің 96 пайызын құрап отыр. Оның ішінде қазақ тілінде - 56684 түлек, орыс тілінде - 14455. Ағылшын тілінде -87 түлек тапсырды.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу