Алматыда «Мектепке жол» акциясының алғашқы кезеңін «Nur Otan» партиясының өкілдері бастады. Бүгін олар көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 40-тан астам балаға көмек көрсетті.
Жеткіншектерге мектепке қажетті оқу құралдары, оқулықтар мен мектеп киімдері үлестірілді. Бұл иігілікті іске жергілікті кәсіпкерлер, мәслихат депутаттары мен ұлттық компаниялардың өкілдері демеушілік танытқан. Ал ұйымдастырушылар аталған акцияны қыркүйек айына дейін жалғастырмақ.
Қайым-Мұнар Тәбеев, «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының өкілі:
Көпбалалы отбасыларға көмектесу және олардың мұң-мұқтажын назарда ұстауға байланысты жүргізіліп жатқан шара. Біздің болашағымыз - балалар, олар мұқтаждықты сезбеу керек.
Зубида Кулиярова, Алматы қаласының тұрғыны:
Көп рахмет. Жәрдем беріп жатыр.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ