Елдегі мектептердің тең жартысына жуығының салынғанына 40 жылдан асып кеткен. Бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихаты кезінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осындай мәлімдеме жасады.
Биыл 6678 мектепте ағымдағы жөндеу жүргізілді. 323 мектепке күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұл қажеттіліктің 45 пайызын ғана құрап отыр. Ақмола, Алматы, Атырау облыстарында жөндеу жұмыстарының аяқталмай қалу қаупі туындағанымен, Үкімет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша бұл мектептерде қосымша жұмысшылар тартылып, олар 2-3 ауысымда жұмысты жалғастырып жатыр.
Ғабит БӨКЕНБАЙ