Ермек Көшербаев: Қаржылық сауықтыру 25 мың жұмыс орнын сақтап қалуға септігін тигізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ермек Көшербаев: Қаржылық сауықтыру 25 мың жұмыс орнын сақтап қалуға септігін тигізеді

18.03.2015
Ермек Көшербаев: Қаржылық сауықтыру 25 мың жұмыс орнын сақтап қалуға септігін тигізеді

Ауыл шаруашылығы субъектілерін қаржылық сауықтыруға бөлінетін қаржының 86 пайыздан астамы өсімдік шаруашылығына тиесілі.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаев осылай мәлімдеді.

Бұл шара шаруаларға берілетін несиелердің жылдық сыйақы мөлшерлемесін екі есеге төмендетіп, саладағы 25 мың жұмыс орнын сақтап қалуға сеп болмақ.

Вице-министр отандық кәсіпорындар мен кішігірім субъектілерді қаржылық көмекті пайдалануға шақырды.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу