Мектеп формасын алуға сертификаттар берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектеп формасын алуға сертификаттар берілді

20.08.2019

Нұр-Сұлтан қаласында аз қамтылған отбасыдан шыққан және асыраушысынан айырылған балаларға мектеп формасын алу үшін сертификаттар таратылды. Олар белгілі дүкендерден 30 мың теңгенің тауарын алуға мүмкіндік береді. Елордада жалпы мұндай санатқа жататын 7 мыңнан астам бала бар.

Жалғас Құсбеков - 5 баланың әкесі. Төртеуі мектеп жасында. Әкімдік тарапынан 120 мың теңгенің көмегін алды. Бүлдіршіндерімді толық киіндіруіме жеткілікті. Тек мектеп құралдарын ғана сатып алатын болдым деп қуанып отыр.

Жалғас Құсбеков, қала тұрғыны:

Үлкен көмек болды. Көпбалалы отбасыларға. Тағы да көмек болатынын айтты.

Әкімдіктің 7 дүкенмен келісім жасауы да бекер емес. Тауарларға қойылған алғашқы талап - сапасының жақсы болуы. Одан соң бағалары да қолжетімді.

Бейбіт Күлшікбаева, кәсіпкер:

Біз сапаға көңіл бөлеміз. Мата сапалы болуы керек.

«30 мың теңгеге бір баланың киімін толық дайындауға болады», - деп отыр мамандар. Сол сертификаттан қалған ақшаға аяқ киім де алып жатқандар да бар.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу