Астанада алғаш рет балаларға өкпе қабынуына қарсы екпе егіле бастайды. Шара мамыр айында жүргізіледі. Мамандардың айтуынша, өкпенің қабынуы - 5 жасқа дейінгі балалар арасындағы өлімнің ең басты себебі.
Сәбилер өлімін азайту мақсатында елімізде 2010-жылдан бастап, Астанадан басқа өңірлердің барлығында осы вакцина қолданыла бастады. Соның арқасында балғындар арасындағы бұл дерт азайған.
Балаларды өкпе қабынуының қоздырғыштарына қарсы егу шарасы үш кезеңнен тұрады. Оның екеуі сәбидің 1 жасында, біреуі 2 жасқа толғанда салынады. Яғни, 2 жасқа дейінгі балалар қамтылады. Астанада олардың саны 6 мыңға жуықтайды.
Нұршай Әзімбаева, Эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас сарапшысы:
Осы вакцинацияны ерте бастаған облыстарда нәтиже бар. Пневмония ауруы 50 пайызға азайды.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ