Астанада болашақ дәрігерлер үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті. Шараға Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының денсаулық сақтау басқармаларына қарасты 78 мекеменің бас дәрігерлері қатысты.
Олар резиденттер мен интерндерді еліміздің түкпір-түкпіріне қызмет етуге шақырды. Мамандардың айтуынша, кей облыстарда дәрігерлер тапшы. Мәселен, бір ғана Астана қаласына – 349, Ақмола облысына – 244, Солтүстік Қазақстан облысына – 220, Ал, Қостанай облысына – 260 дәрігер жетіспейді.
Айдана ҮСЕНБАЙ