Эндоскопиялық хирургтердің IV конгресі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эндоскопиялық хирургтердің IV конгресі басталды

17.06.2014
Эндоскопиялық хирургтердің IV конгресі басталды
 
Ауру - астан келеді. Шамадан тыс семіріп кетсеңіз, асқазанның көлемін кішірейту керек. Себебі, артық салмақ денсаулыққа едәуір зиянын тигізеді. Бүгін Астанада өзінің тиісті салмағынан бірнеше келі артық салмақ қосқан науқасқа операция жасалып жатыр.
 
Операция эндоскопиялық тәсілмен жүргізілуде. Яғни, отандық хирургтер операцияны пышақсыз жасайды. Бұл әдіс науқастың тез сауығып кетуіне септігін тигізеді.
 
Алайда уақыт өте келе бұл операцияны жүзеге асырудың жаңа тәсілдері пайда болды. Осы орайда отандық хирургтер шетелдік дәрігерлермен тәжірибе алмаспақ.
 
Бүгін Астанада «Қазақстан эндохирургиясының жетістіктері мен мәселелері» тақырыбы бойынша шетелдік және қазақстандық хирургтердің IV конгресі басталды.
 
Мамандар 3 күн бойы осы саланың жетістігі мен жаңашыл тұстарын талқылайды. Денені кеспей операция жасау ең бірінші 1987 жылы Францияда жүзеге асқан. Ал біздің елде 1991 жылдан бері жасалып келеді.
 
Серік Тоқпанов, ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасының бас хирургі:
Мұны бұрын ішті жарып жасаушы едік. Бұл – науқасқа өте ауыр ғой. Ал қазір денені тілмей жасаймыз. Науқастар ауруханада үш-төрт күн жатады да, шығып кете береді.
 
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу