Кей ата-ана бала тәрбиесіне жете көңіл бөле бермейді. Дені бар міндетті балабақшалар мойнына артуға бейім келеді. Осыған алаңдаған астаналық мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшылары арнайы семинар өткізді.
№45 балабақша ұжымының мұрындық болуымен ұйымдастырылған жиынға елордадағы барлық балабақша басшылары қатысты. Олар әуелі ата-аналармен бірге музыка терапиясы сабағын өткізді. Мұнда «Ызылдақ шыбын» мюзиклы қойылды. Ол бүлдіршіндерді еңбекқор болуға, әрдайым жанындағы жолдасына қолдау көрсетіп жүруге үндейді.
«Самұрық» балабақшасы меңгерушісінің айтуынша, мұндай әдістердің Елордадағы төрт балабақшаға енгізілуі балаларды патриот болып, ұлттық салт-дәстүрлермен сусындап өсуге тәрбиелейді. Бүлдіршіндердің шығармашылық белсенділігін арттыруға бағытталған мұндай-іс-шараларды «алдағы уақытта та жүйелі түрде ұйымдастыратын боламыз дейді»,- ол.
Құбажай Шампетова, «Самұрық» балабақшасының меңгерушісі:
Бізде бүгін екі той. Бірі - 13-ші маусым біздің балабақшаның ашылған күні. Бүгін міне, ашылғанымызға 3 жыл. Екіншісі сол ашылған жылы 6-шы қыркүйек күні осы арттерапияны енгізу туралы шешім қабылданған болатын. Сол эксперименталдық алаңның да жұмыс істегеніне 3 жыл болды.
Айдана ҮСЕНБАЙ