Халал тағам - денсаулық кепілі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халал тағам - денсаулық кепілі

19.07.2014
Халал тағам - денсаулық кепілі

Елімізде халал өнімдеріне сұраныс артып келеді. Қазақстандағы өнімдердің 30 пайызын халал тауарлар құрайды. Сондықтан «Халал өнімдерінің маркировкасы» туралы заң шығару, халал индустриясын дамытатын агенттік құру туралы «Астана-халал аймағы» атты дөңгелек үстелде айтылды.

Жиынға қатысқан «Қазақстан халал индустриясы қауымдастығы», «Дуслык» татар мәдени орталығы өкілдері, имамдар мен Малазия елшігінен келген қонақтар осындай ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, басқосуда Астананың үш ауданында да халал заттарды сататын дүкендер ашу керектігін жеткізді.

Марат Сәрсенбаев, «Халал» өнімдерін стандарттау техникалық комитетінің төрағасы:

Малайзия біздің ұжымға бүкіл мемлекеттік стандарты бойынша рұқсат берді. Біз сонымен жұмыс істеп отырмыз. Бұл барлық кәсіпорындарға кіргізіліп отыр. Сондықтан осы тәжірибені пайдалану керек. Мысалы, көрші Қырғыз елінің, тіпті Беларусьтың өзінде «БЕЛГИСС», «БЕЛГИМ» деген халал комитет құрыпған. Ол жүйелер халалмен айналысуды оқытады.

Ләззат БЕКТАС

 

Хабарламаларға жазылу