Корейлік мамандар қазақстандық хирургтерге шеберлік сабағын өткізуде. Шетелдік дәрігерлер Астанадағы №1 ауруханада өкпе дертіне шалдыққан үш науқасқа операция жасайды.
Айта кету керек, бұл - тыныс алу жүйесіне жасалатын ең күрделі операция. Бұған дейін аталған операция тек республикалық ғылыми орталықта жасалған.
Кезекте тұрған өкпе дертіне шалдыққандардың көптігі соншалық, медициналық мекеме оларға операция жасап үлгермейтін еді.
«Шеберлік сабағы осы олқылықтың орнын толтыру үшін маңызды»,- дейді отандық дәрігерлер. Ал, шетелдіктер үш науқасты жаңаша әдіспен емдемек.
Гван Мин Ким, Сеул ұлттық университетінің профессоры:
Біздің елде өкпе дертіне шалдыққан науқастар көп. Бұрындары бұл операцияны адамның денесін кесіп жасайтынбыз. Қазір тек 3 миллиметр жерді тесіп, түтік арқылы ісікті алып тастаймыз. Бұл науқастың аяғына тез тұрып кетуіне көмектеседі. Сіздің елдің азаматтарына да сол әдіспен жасаймыз.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ