ОҚО: Қырым қанды безгегіне шалдығудың 5-ші дерегі анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО: Қырым қанды безгегіне шалдығудың 5-ші дерегі анықталды

30.07.2014
ОҚО: Қырым қанды безгегіне шалдығудың 5-ші дерегі анықталды

Оңтүстік Қазақстан облысында  қырым қанды безгегіне шалдығудың 5-ші дерегі анықталды.

Бүгін өңір дәрігерлері  Шардарада суға түскен жігіттен осы дерттің белгілері анықталғанын мәлімдеді.

Айта кетерлігі, қырым қанды безгегі  тағы бір науқастан байқалыпты. Тек дәрігерлер әзірге оның нақтыланбағанын айтады.

19 жастағы Сарыағаш ауданының тұрғыны  ауруханаға осыдан 5 күн бұрын түскен. Өзінің айтуынша, оны кене шақпаған.

Естеріңізде болса, кешегі жаңалықтарымызда қырым қанды безгегінің 14 жастағы жасөспірімнен анықталғанын хабарлағанбыз.

Айта кетейік, биыл өңірде 3 мыңнан аса адамды кене шағып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген.  

Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу